Тауарды қайтару
- Қайтару 14 (он төрт) күн
ішінде жүзеге асырылады - Тауардың тиісті түрі мен
тұтынушылық қасиеттері сақталуы тиіс - Тауарларды сатып алу фактісі мен
шарттарын растайтын құжат бар болуы тиіс
Лайықты сападағы тауарды қайтару
- Тұтынушы тапсырыс берілген Тауардан оны алғанға дейін кез-келген уақытта, ал Тауарды алғаннан кейін - сатып алу күнін есептемегенде 14 (он төрт) күн ішінде бас тартуға құқылы.
- Егер Тауардың тиісті түрі, тұтынушылық қасиеттері, сондай-ақ көрсетілген Тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат сақталған жағдайда, тиісті сападағы Тауарды қайтаруға болады.
- Егер көрсетілген Тауарды оны сатып алушы Тұтынушы ғана пайдалана алатын болса, Тұтынушы жеке-белгілі бір қасиеттері бар Тауардан бас тартуға құқылы емес.
- Тұтынушы тиісті сападағы Тауардан бас тартқан кезде Сатушы оған тұтынушының шарт бойынша төлеген ақшалай сомасын, сатушының қайтарылған тауарды тұтынушыдан жеткізуге жұмсаған шығындарын қоспағанда, тұтынушы тиісті талап қойған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей қайтаруға тиіс.
Лайықты емес сападағы тауарды қайтару
Сапасы лайықсыз тауарға - елеулі кемшіліктен (ақаулардың болуынан) өзінің функционалдық сапасын қамтамасыз етуге қабілетсіз тауар жатады. Сапасы лайықсыз сатылған тауар үшін Тұтынушы, егер бұл жөнінде Сатушымен келісілмесе, төменде көрсетілген талаптардың кез-келгенін өз таңдауы бойынша мәлімдеуге құқылы:
- сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, ұқсас маркалы (модельді, артикулды) тауарға немесе басқа маркалы (модельді, артикулды) нақ осындай тауарға ауыстыру;
- сатып алу бағасын мөлшерлес азайту;
- тауардың кемшіліктерін өтеусіз жою немесе оларды сатып алушының немесе үшінші тұлғаның түзетуіне жұмсалған шығындарды өтеу;
- шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Интернет-дүкен, егер табылған елеулі кемшілік тауарды дұрыс пайдаланбаудың салдары болып табылады деп есептесе, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуға құқылы.
Сапа немесе кемшіліктер туындау себептері бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Интернет-дүкен өз есебінен тәуелсіз сараптама жүргізуге құқылы. Сатып алушы сараптамаға қатыса алады және оның шешiмiн сотта даулай алады. Егер сараптама нәтижесінде тауардың кемшіліктері Сатып алушының кінәсінен туындағаны анықталса, онда Сатып алушы Интернет-дүкенге сараптама құнын, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты тауарды тасымалдау және сақтау шығындарын өтеуге міндетті.
Тауарды қайтару және айырбастау мына мекен-жай бойынша жүзеге асады: A20K5D0, Алматы қаласы, Қазыбаев көшесі, 12Б. Өзіңізбен бірге төленгенін растайтын құжат пен жеке куәлік болуы қажет.