Егер қандай да бір себеппен сатып алған тауардан бас тартуды шешсеңіз, мұны ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес жасай аласыз.
Сапасыз тауар деп елеулі кемшілікке байланысты (ақаулар/брак болуымен) өзінің функционалдық қасиеттерін қамтамасыз ете алмайтын тауар түсініледі. Мұндай тауар сатылған сатып алушы, егер бұл сатушымен келісілмеген болса, өз таңдауы бойынша төмендегі талаптардың кез келгенін қоюға құқылы:
Егер интернет-дүкен анықталған елеулі кемшілік тауарды дұрыс пайдаланбаудың салдары деп есептесе, тауарды алмастырудан немесе қайтарудан бас тартуға құқылы.
Сапасы немесе кемшіліктердің пайда болу себептері бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда интернет-дүкен өз есебінен тәуелсіз сараптама жүргізуге құқылы. Сатып алушы сараптамаға қатыса алады және оның нәтижесіне сотта дау айта алады. Егер сараптама кемшіліктердің сатып алушының кінәсінен туындағанын анықтаса, ол дүкенге сараптама құнын және онымен байланысты тауарды тасымалдау мен сақтау шығындарын өтеуге міндетті.
Тауарды қайтару және алмастыру мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Алматы қ., Қазыбаева көшесі, 12Б. Өзіңізбен бірге жеке куәлік пен төлемді растайтын құжат болуы қажет.
С помощью этой формы Вы можете оставить предложение, жалобу, претензию или вопрос.